Таиландта туристер мінген көлік су қоймасына құлады

5 Тамыз, 15:23 422

4 тамыз күні Таиландта туристік жүк көлігі су қоймасына құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Bangkok Post мәліметінше, оқиға таңғы сағат 10-ның шамасында Бан Тахун ауданына қарасты Кхао Пханг ауылында – туристерге қызмет көрсету саласының өкілдері келушілерді қайықтарға отырғызып жатқанда болған.

Кенеттен Toyota фургоны жылдамдықпен келіп, тоқтай алмай, салдарынан суға құлаған. Көліктің алдыңғы бөлігі су қоймасына соғылып, батып кеткен.

Көліктегі оншақты туристің бәрі көліктен өздері шыққан. Апаттан тек жүргізуші жарақат алған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: