Таиланд Сенатының Төрағасы Қазақстандағы реформаларды жоғары бағалады

4 Қараша 2022, 15:26 1493

Қазақстан мен Таиландтың сауда, энергоресурстар, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті бар деген ортақ пікірге келді

Қазақстанның Таиландтағы Елшісі Арман Исетов Таиланд Парламенті Сенатының Төрағасы Порнпетч Вичитолчай мырзамен кездесті, деп хабарлайды El.kz.

Талқылау басында қатысушылар Еуразия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне қатысу үшін 2019 жылғы қыркүйекте П. Вичитчолчай мырзаның Қазақстанға сапарын атап өтті.

Қазақстан мен Таиландта қазіргі кезде орын алып жатқан ішкі саяси процестердің мәселелеріне басты назар аударылды. Елші А. Исетов Әділетті Қазақстанның құрылысы бойынша реформалар бағдарламасы, сондай-ақ алдағы президенттік және парламенттік сайлаулар туралы айтып берді. Тай тарапы президенттік мандатты шектеу, саяси партияларды құру талаптарын жеңілдету және аралас сайлау жүйесіне оралу бойынша 2022 жылғы конституциялық реформаның негізгі аспектілерімен таныстырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар парламентаралық ынтымақтастықты жандандыру жолдарын талқылады. Атап айтқанда, екі ел парламенттері депутаттарының жұмыс сапарларын ұйымдастыру ұсынылды. Кездесуге қатысқан сенатор, парламентаралық достық тобының төрағасы, құрметті профессор Канчанаратт Левирояана ҚР парламентаризмінің қолданыстағы жүйесін және сайлау заңнамасын тереңірек зерттеуге қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ, Сенат депутаттары Қазақстанды минералды ресурстарды әлемдік нарыққа тасымалдаушысы ретінде қарастырып, аса қызығушылық танытты. Өз кезегінде А. Исетов Президент Қ. Тоқаевтың БҰҰ БА-ның 77-ші сессиясында сөйлеген сөзін атап өтіп, онда Президентіміз Қазақстанның сауда тізбектеріндегі іркілістер салдарынан туындаған энергоресурстар мен сыни шикізатқа шектеулі қолжетімділіктің салдарын жеңілдетуге қолғабыс беруге дайын екендігі туралы сөзіне тоқталды.

Соңында тараптар Қазақстан мен Таиландтың сауда, энергоресурстар, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту әлеуеті бар деген ортақ пікірге келді.

EL.KZ
Бөлісу: