23.10.2023
00:30
1022
Тағы екі автожолда жол жабылды

Тағы екі автожолда жол жабылды

Күн райының бұзылуынан тағы екі автожолда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  QazAvtoJol компаниясы мәлімдеді.

Атап айтқанда, қар мен жол бойының көріну нашарлығына байланысты «Көкшетау – Рузаевка» күре жолының екі учаскесі жабылды. Бірінші учаске – Ақмола өңірінің шекарасынан Рузаевка ауылына дейін (СҚО территориясы). Екінші учаске – Көкшетау қаласынан СҚО шекарасына дейін (Ақмола облысының территориясы).

Бұған дейін бүгін кешкі сағат 20.00-ден бастап Ақмола облысында «Көкшетау – Атбасар» трассасында көліктің барлық түріне қозғалысқа тыйым салынды.

Сондай-ақ сағат 22.00-ден «Астана – Көкшетау» автожолында («Астана – Щучинск – Көкшетау») шектеу енгізу жоспарланып отырғаны айтылған болатын.