«Тағы бір ана ДНҚ тапсырды». Арқалық перзентханасында баласын тастап кеткен аналарға іздеу салынады

12 Қаңтар, 14:33 3002

«Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан тағы бір болжамды ананың анализ тапсырғанын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сондай-ақ анасын іздеген Жәнібектің ресми өкілі Қымбат Досжан Арқалық перзентханасында босанған келіншектерге хабарландыру жасады.

Мына ақпаратқа назар аударыңыздар, құрметті келіншектер, ер-азаматтар. Егер сіз, 2001-2003 жылдары Арқалық қаласының перзентханасында босанып, қолхат жазып, баладан бас тартып немесе қашып кеткен болсаңыз, анонимді түрде анализ тапсыра аласыздар, - деп жазды журналист Қымбат Досжан.

Жәнібектің қазіргі құжатында ЭддиЖан деп жазылған. Ұлты – қазақ, 2002 жылдың 17 қаңтар күні Арқалық қаласында дүниеге келген. Арқалыққа арнайы барған «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан қазір он шақты әйелге күдік түсіп тұрғанын айтқан еді. Сондай-ақ баланың әкесі болуым мүмкін  деп ер адамның тест тапсырғанын айтқан еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: