«Тағдырластарым түсінер». Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуіне жан тебірентер жазба арнады

6 Қараша 2023, 12:15 18252

Белгілі журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Уақыт, не деген жүйрік едің, ағын судай...  Бүтін жүректің екіге айырылғанына, қабырғамның қайысып, асқар таудың шағылғанына да бір жыл болды. Жүректегі сезімді, кеудедегі қобалжуды жеткізу мүмкін емес. Менің жай-күйімді тағдырластарым ғана түсінер...  Қайрекеңнің жылдық асын бүгін беру бұйырыпты. Алыс-жақыннан жиналған ағайын-туыс, құрбы-құрдас, әріптестеріміздің қолдауына, көңілдеріне алғыс айтамын. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда бір-бірімізбен сыйласып қана өтуді жазсын. Барымызды, бақытымызды бағалайық», - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы. 

Айта кетейік, Қайрат Беркінбаев былтыр, 6 қарашада жүрек талмасынан қайтыс болған.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: