15.03.2024
14:28
2828
Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Таеквондошы Батырхан Төлеуғали Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Батырхан Төлеуғали Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде Париж Олимпиадасының жолдамасына қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрамадағы ең жас таеквондошы шешуші айқаста Сауд Арабиясының өкілі Әли Мабрук әл-Мабруктан басым түсті. Есеп: 2-0.

Сәл ертеректе Батырхан алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) айқын басымдықпен ұтқан.

Бұл таеквондодан Ұлттық құраманың алғашқы жолдамасы.