20.11.2024
21:17
1261
Таеквондодан Қазақстан чемпионатының бірінші күнінің жеңімпаздары белгілі болды

Таеквондодан Қазақстан чемпионатының бірінші күнінің жеңімпаздары белгілі болды

Алматы облысында таеквондодан ересектер арасындағы ел біріншілігі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Olympic.kz-тің жазуынша, Париж олимпиадасының қатысушысы Батырхан Төлеуғали кезекті рет ел біріншілігінің үздігі атанды. Сондай-ақ жарыстың алғашқы күнінде ерлер мен әйелдер арасында барлығы алты медаль жиынтығы сарапқа салынды.

Ерлер:

-58 келіге дейін:

1. Тамирлан Тілеулес (Алматы)

2. Асқар Өтеген (Түркістан облысы)

3. Жавохирхон Исламов (Шымкент), Бектөре Оралхан (Алматы)

-74 келіге дейін:

1.Бекасыл Ергеш (Жамбыл облысы)

2. Әділ Тілеуғабылов (Астана)

3. Эльдар Бірімбай (Маңғыстау), Мерей Мәлік (Атырау).

-80 келіге дейін:

1. Батырхан Төлеуғали (ШҚО)

2. Мерген Ғаниев (Атырау)

3. Альтаир Өмірбеков (Жамбыл), Батырхан Куссетов (Алматы).

Әйелдер:

-46 келі

1.Айдана Құмартаева (Алматы)
2.Рита Бакишева (Алматы)
3.Нодира Ертаева (Шымкент), Рамина Таирова (Алматы)

-62 келі

1.Айша Әділбекқызы (Астана)
2.Фатиха Абутай (Қарағанды)
3.Аида Таукенова (Астана), Камила Аймұқашева (Павлодар)

-73 келі

1.Назым Махмұтова (Түркістан облысы)
2.Феруза Ергешова (Шымкент)
3.Дария Манасқызы (Астана), Самал Берікқызы (Алматы)

Айта кетейік, Қазақстан чемпионаты 21 қарашаға дейін жалғасады.