Бүгін Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында басталған таеквондодан командалық әлем кубогында Қазақстан ерлер құрамасы 3-орын жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жүлде үшін айқаста отандастарымыз Марокко спортшыларынан басым түсті (2-1). Команда сапында Бекасыл Ергеш, Абдрахман Марипов, Мерген Ғаниев, Нұрбек Ғазез сынға түсті.
Іріктеуде Қазақстан Үндістанды ұтқан. Ал жартылай финалда Оңтүстік Кореяға есе жіберді (1-2).
Спортты дамыту дирекциясы осылайша ерлер командасы жылдың аяғында өтетін әлем кубогына жолдама алғанын атап өтті. Енді ертең әйелдер арасындағы командалық сайыс өтеді.