09.02.2024
15:33
1316
Табысы ең жоғары спортшылар тізімі жасалды

Табысы ең жоғары спортшылар тізімі жасалды

Sportico журналы 2023 жылғы ең табысты спортшылардың тізімін жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл тізімнің кқш басында «Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду тұр. Былтыр португалиялық 275 млн доллар табыс тапты (жалақы мен демеушілерден түскен бонустар).

Екінші орынға гольфші Джон Рам жайғасқан – 230млн доллар. Алғашқы үштікті 130 млн доллармен «Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси түйіндеген.

Ең табысы жоғары спортшылар бестігі:

Криштиану Роналду – 275 млн доллар (футболдан 215 және демеушілер есебінен 60 млн доллар)

Джон Рам (гольф) – 203 (181+22)

Лионель Месси – 130 (65+65)

Леброн Джеймс – 125,7 (45,7+80)

Килиан Мбаппе – 125 (100+25).