World Nature Photography Awards (WNPA) байқауының ұйымдастырушылары 2026 жылғы жеңімпаздары жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
«Табиғат әлеміндегі жыл фотографы» атағын аустралиялық Джоно Аллен иеленді. Ол төлімен бірге жүзіп жүрген өркешті киттің суреті үшін осы атаққа лайық деп танылған.
Байқауға алты құрлықтағы 51 елдің авторлары қатысып, жабайы табиғаттың мыңдаған әсерлі сәттерін ұсынды. Әр кадр – табиғаттың мінезі мен тылсым тынысын жеткізген бөлек бір әлем.
Сыйлықтың тең құрылтайшысы Адриан Динсдейлдің айтуынша, конкурс жыл сайын ауқымын кеңейтіп қана қоймай, ұсынылатын жұмыстардың сапасы мен жанрлық алуандығы да артып келеді. 2020 жылы негізі қаланған бұл премияның басты мақсаты – үздік табиғат фотосуреттерін дәріптеу ғана емес, адамдарды қоршаған ортамен тереңірек байланыс орнатуға шабыттандыру.
Фотографтар 14 номинация бойынша сынға түсті. Әр аталымда қазылар алқасы үш жүлделі орынды – алтын, күміс және қоланы анықтады. Жалпы саны 42 жұмыс марапатталды.
2026 жылғы жеңімпаздар тізімі:
«Жануарлар портреті» номинациясы
«Қосмекенділер мен жорғалаушылар» номинациясы
«Құстар» номинациясы
«Омыртқасыздар» номинациясы
«Сүтқоректілер» номинациясы
«Ақ-қара фото» номинациясы
«Өнер» номинациясы
«Фотожурналистика» номинациясы
«Адам және табиғат» номинациясы
«Ландшафттар және қоршаған орта» номинациясы
«Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар» номинациясы
«Қалалық жабайы табиғат» номинациясы
«Жануарлар табиғи мекенінде» номинациясы
2026 жылғы жеңімпаздар жарияланғанымен қатар, WNPA 2027 байқауына өтінім қабылдау ресми түрде басталды. Қатысушылар жұмыстарын 2026 жылдың 30 наурызына дейін жолдай алады. Байқау талаптары мен толық ақпарат ресми сайтта жарияланған.