Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты ескерту жариялады

11 Шілде 2022, 19:32 1171

Маңғыстау облысының басым бөлігінде күн 43-45 градусқа дейін ысуы ықтимал

12-16 шілде аралығында Маңғыстау облысының басым бөлігінде күн 43-45 градусқа дейін ысуы ықтимал. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz

«Өңірде 12 шілдеден бастап, бес күндей 43-45 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр. Табиғи өрттердің туындау қаупін төмендету мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз. Атап айтқанда, жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын тастамау керек. Сондай-ақ, орман және дала алқаптарында от жағуға болмайды. Табиғат аясында демалғаннан кейін шыны ыдыстарды жинап алу қажет, өйткені күн сәулесі әйнекке шағылысып, құрғақ шөпті тұтандыруы мүмкін. Жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендер аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту, минералдандырылған жолақтарды қалпына келтіру керек», - дейді облыстық ТЖД МӨББ бас маманы Арман Теңел.

Сондай-ақ, маман өрт туындаған жағдайда дереу 101 немесе 112 байланыс нөмірлері бойынша хабарлау қажеттігін еске салады.

Бөлісу: