Төтенше жағдайлар саласында сыбайлас жемқорлық азайған

23 Тамыз 2022, 01:48 1920

Ағымдағы жылы Төтенше жағдайлар саласында 10 Сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 3 адам сотталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларға аралық бағалау жүргізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Агенттік мәліметіне қарағанда, сондай-ақ өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша басым аймақтарды айқындау жүргізді.

Кездесу барысында Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу қызметінің басшысы Саян Ахметжанов 4 жылдық тұрақты өсуден кейін осы саладағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар санының төмендеу трендін атап өтті.

Ағымдағы жылы Төтенше жағдайлар саласында 10 Сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 3 адам сотталды.

Оң өзгерістердің себебі 2017 жылы Төтенше жағдайлар комитеті болған кезде ведомствоның қызметінде жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері болды.

Ахметжановтың айтуынша, негізгі проблемалар әлі де бар. Бұған Transparency Kazakhstan жемқорлыққа қарсы мониторинг және әлеуметтік зерттеу нәтижелері дәлел, кәсіпкерлердің пікірінше, оған сыбайлас жемқорлық себептерінің ТОП-10-ына өртке қарсы дабыл беруді тексеру кіреді.

Тексерудің оң актісін беру, бизнесті заңсыз қорғау, әкімшілік жауапкершілікке тартпау мүмкіндігі сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет министрлікті және ведомствоның Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сыбайлас жемқорлықты алдын алудағы барлық тетіктерді, оның ішінде №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберіндегі жобаларды іске асыру есебінен пайдалануға шақырды.

Өз кезегінде, ТЖМ қоғамдық кеңесінің төрағасы Диханбек Сатылғанов сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша жұмыста одан әрі бірлесіп өзара іс-қимыл жасауға назар аударды, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлеріне іс-шараға қатысқаны үшін алғыс білдірді.

EL.KZ
Бөлісу: