Альберт Бурла бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды
4 рет вакцина салдырған Pfizer фармацевтикалық корпорациясының атқарушы директоры Альберт Бурла ковид жұқтырды, деп хабарлайды EL.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Альберт Бурла бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.
Коронавирусқа тапсырған тесттің оң болып шыққанын хабарлағым келеді. Pfizer – BioNTech вакцинасын 4 рет салдырғаныма ризамын, ковид симпомдары аздап ғана сезіледі. Оқшауланып, Paxlovid препаратын қабылдауды бастадым, - деп жазды Бурла.