Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандар 25 тәулікке дейін қамауға алынады
3 Қыркүйек 2022, 11:13
2399
Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік қатаңдатылады
Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz
«Отбасылық-тұрмыстық саладағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату бағытында: Қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша «отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында тұрған адамға қатысты» деген қосымша саралауды енгізу қажет. Осы саладағы әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімінің төменгі шегі ретінде 5 тәулік белгілеу, сондай-ақ қайталама құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алу мерзімін 20 тәуліктен 25 тәулікке дейін ұлғайту жоспарлануда. Тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің өтініш беру сипатынан анықтау сипатына көшу көзделуде. Заңсыз әрекетті қайталап жасаған кезде мұндай құқықты алып тастау арқылы тараптардың сотта татуласу рәсіміне қойылатын талаптарды қатаңдату жоспарлануда. «Ескерту» әкімшілік жазалау шарасын қоғамдық жұмыстарға ауыстыру мәселесі пысықталуда», - деді министр Марат Ахметжанов.