30.06.2022
22:35
4227
Түркияда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді

Түркияда маймыл шешегін жұқтыру дерегі тіркелді

ТАСС агенттігінің мәліметінше, бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа жазды, деп хабарлайды El.kz.

– Иммунитеті әлсіреп кеткен 37 жастағы пациенттен маймыл шешегі анықталды. Ол оқшауланды. Індет жұқтырушының басқа адамдармен байланысы кезінде өзге жағдай анықталмаған. Бұл ауру респираторлық тұрғыда емес, тікелей байланыс нәтижесінде жұғады, - деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында. 

Алайда ол аурудың қай қалада тіркелгенін нақтылап айтпады. 

ДДСҰ жыл басынан бері 50 елде маймыл шешегін жұқтырудың 3412 зертханалық расталған жағдайы мен 1 өлім тіркелгені туралы ақпараттық бюллетень жариялаған болатын.