28.06.2022
03:39
1848
Түркістанда суға батып кеткен шетелдік студенттер іздестіріліп жатыр

Түркістанда суға батып кеткен шетелдік студенттер іздестіріліп жатыр

Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары шетелдік екі студентті іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды EL.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2022 жылғы 26 маусым күні сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылы туған 2 студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен болатын.

21 студенттен құралған топ Шымкент қаласынан келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматтары, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника,  Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды - делінген хабарламада.

Түркістан облысы ТЖД судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.