Марат Ахметжанов қанша мектепке турникет орнатылмағанын айтты

16 Тамыз 2022, 14:32 1938

Түркістан өңіріндегі 34 мектептің біреуінде ғана турникет орнатылған.

Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мектептердегі балалардың қауіпсіздігі туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.

Оның айтуынша, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметі бойынша, еліміздегі барлық мектептерде бақылау камералары орнатылған. Дегенмен, тексеріс нәтижесінде көп елді мекендердегі бейне бақылаулардың сақтау мерзімі 30 тәулікке дейін жетпейтіндігі белгілі болған.

«Бекітілген талап бойынша, әр мектепте турникеттер болу керек. Алайда тексеріс барысында бұл талаптың көп мектепте отырдалмағаны белгілі болды. Түркістан өңіріндегі 34 мектептің біреуінде ғана турникет орнатылған. Орал қаласында 56 мектептің 8-інде, Алматыда 270 мектептің 28-інде ғана турникет бар», - деді министр.

Сондай-ақ еліміздегі елді мекендердегі мектептерде күзет жоқ екені белгілі болған. Мәселен, Түркістанда бір мектептен басқасында  күзет жоқ.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Ооқу-ағарту министрлігіне мектептегі балалар қауіпсіздігін тиімді жүйемен қамтамасыз етуді сұрады.


Миражан Махан
Бөлісу: