Түркістанда ҚХА 400 көшет отырғызды

18 Қараша 2019, 14:08 2249

Облыс орталығы Түркістан күн санап түлеп келеді. Оның көріктене түсіп, таза қалаға айналуына күллі тұрғындар атсалысуда.


Түркістан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы мен оның құрылымдарының мүшелері, этномәдени бірлестіктер өкілдері өткен аптада жалпықалалық сенбілік ұйымдастырды. Олар қаланың санитарлық-гигиеналық тазалығының сақталуына үлес қосып қана қоймай, қала аумағындағы "Қызылорда" тас жолының бойында орналасқан аймаққа 400-ге жуық әртүрлі жеміс ағаштарын отырғызды.


Бөлісу: