Түркістан облысында «Бата» акциясы шеңберінде қарттарға қошемет көрсетілді

4 Қазан 2019, 10:10 2857

Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген Қазақстан халқы ассамблеясының 2019 жылға арналған қайырымдылық күнтізбесіндегі «Бата» акциясы 1-қазан Халықаралық қарттар күнімен тұспа-тұс келді. 


Осыған сәйкес ҚХА жанындағы «Аналар кеңесі» де айтулы мерекені назардан тыс қалдырған жоқ. Түркістан облысына қарасты аудан-қалалардың бірқатарында қазан айының басынан бастау алған Қарттар күні кең көлемде аталып өтуде.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәійкес, Төле би, Бәйдібек, Шардара, Сарыағаш аудандарында қазыналы қариялар зор құрметке бөленді. Түрлі этно-мәдени бірлестік өкілдері айтулы шараның аясында көнекөз қарияларды мерекелерімен арнайы құттықтап, ақ жаулықты аналардың алғыстарын арқалап, баталарын алды.


«Аналар кеңесінің» бастамасымен өткен шаралар легі осы аптаның соңына дейін жалғасын тауып, түрлі ұлттардың ұйытқы болуымен «Бата» акциясының аясы кеңейе түспек. Осы арқылы өскелең ұрпаққа татулықты ту етіп, қарттарға деген құрметтің арта түсерін көрсету негізгі міндет.

Бөлісу: