Түркістан облысында балаларды қорғау күніне арналған қайырымдылық акциясы өтті

30 Мамыр 2019, 10:03 2625
Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен балалар үйлері тәрбиеленушілеріне арналған «Мейірімге толы жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.

Шара барысында Арыс қалалық Т. Тәжібаев атындағы отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Шымкент қаласындағы саябақтарда серуен ұйымдастырылып, арнайы мерекелік дастархан жайылды.
1 маусым қарсаңында өткен шара барысында тәрбиеленушілерге мерекелік сыйлықтар мен оқуға қажетті құралдар табысталып, концерттік бағдарлама ұсынылды.
Бөлісу: