Түркістан облысында 1-ші наурыз Алғыс айту күніне орай барлық аудан, қалаларда жастар мен жасөспірімдер арасында түрлі спорттық шаралар өткізілуде.
Облыстың түкпір-түкпірінде 2003-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық біріншілік өтті. Жарысқа түрлі салмақ дәрежесі бойынша 600 спортшы қатыстып, үздіктер жүлделі орынға ие болды.
Сондай-ақ, мектеп оқушылары арасында грек-рим күресі, жеңіл атлетика, тоғыз құмалақ, арқан тарту, көңілді старт сияқты спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Аудандарда мерекеге орай жастар арасында волейбол және баскетболдан жарыс өтіп, атаулы іс-шараға 2000-нан астам жастар мен жасөспірімдер қатысты.
Оқи отырыңыз