Түркістан облысында 10 шетел азаматы елден шығарылды

12 Қазан 2022, 13:18 883

Профилактикалық шараның екі тәулігінде облыс полицейлері 205 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты

Түркістан облысында «Заңсыз келуші» шарасы аясында 200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықталды, – деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ-нің тапсырмасы Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауына сәйкес, облыс аумағында республикалық «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталған шара 10-17 қазан аралығында ұйымдастырылуда.

Профилактикалық шараның екі тәулігінде облыс полицейлері 205 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 10 шетелдік сот шешімдерімен ел аумағынан аластатылды. 39 шетелдік жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды. 

Ал шетел азаматын заңсыз тұрғын үймен қамтамасыз еткен 50 жергілікті тұрғын мен шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған жеті Қазақстан Республикасының азаматына заң аясында шара көрілді. 

Осы ретте Түркістан облысының полиция қызметкерлері тек құқық бұзушылықты анықтап қана қоймай, шетел азаматтары мен жұмыс берушілерге профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, көші-қон қызметі туралы заңдылықтарды сақтау бойынша ескертулер жасауда. Жалпы, іс-шара өткізудің басты мақсаты – облыс аумағында шетелдіктермен немесе оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау, заңсыз жүрген шетелдіктерді елден шығару.



Бөлісу: