ИИДМ тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды, деп хабарлайды El.kz
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің бастамасы бойынша құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында халықпен тиімді диалогты арттыру мақсатында бірыңғай ақпараттық қызмет ашылды.
Ақпараттық қызмет құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мәселелер бойынша жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін консультациялық қызметтер көрсетеді.
- Құрылыс мәселелері бойынша байланыс телефондары – 8 (7172) 98-33-50,
- Тұрғын үй және тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-30-59,
- Кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарына (мүліктің меншік иелері бірлестіктері, жай серіктестік, пәтерлер иелерінің кооперативтері) көшу мәселелері бойынша – 8 (7172) 98-34-86