«Тұлпар» лагері Достық үйінде

24 Шілде 2018, 06:38 3081

Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдығына орай ағымдағы жылдың 23 шілдесінде  №10 мектеп жанындағы «Тұлпар» лагерінің оқушылары Достық үйіндегі мұражайға саяхат жасады. КХА құрылымдарымен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Самира Абдуллаева оқушыларды әртүрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрпымен таныстырды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына  жауап алды. 

Сонымен қатар Достық үйінің мұражайында оқушылар аталмыш мерекеге орай арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын көрсетті. Өнерлі оқушылардың бірі Куват Інжу үнді биін билесе, Виктория Осипова лезгин биін билеп баршаны таңғалдырды. Алина Багауединова Ақтау қаласының 55 жылдығына орай «Ақтауым» өлеңін мәнерлеп оқып, жүрекке жеткізе білді.  Шара соңында Бурхан Қыран «Мен қазақпын!» әнін орындап, балалардың жүрегіне  патриоттық сезім ұялатты. Осындай өнерлі балалармен шара өте жақсы деңгейде өтті.

Астана қаласының 20 жылдығы мен Ақтау қаласының 55 жылдығына орай  мерекелік шараларда белсенділік танытқаны үшін  «Қоғамдық келісім» КММ-сі  атынан «Тұлпар» лагеріне «Алғыс хат» табысталды.

Бөлісу: