Төлеубек Мұқашев «Референдум азаматтардың сенімін ақтайтын дұрыс қадам»

6 Мамыр 2022, 16:27 3414

Президенттің 2022 жылғы 5 мамырдағы Жарлығымен еліміздің Ата заңына түзетулер топтамасы референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығарылды. Осыған орай, елімізде жаңадан құрылған республикалық штаб қоғамдық күштерге ел азаматтарына алдағы референдумға белсенді түрде қатысуға шақырып отыр. Бұл жайында бүгін елордада өткен үкіметтік емес ұйымдар, ардагерлер қоғамдастығымен саяси партиялардың белсенді өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.

Штаб жетекшісінің айтуынша, бұл түзетулер саяси жүйені қайта құру үшін көптен күткен шараларды қамтып, қоғамның мемлекетпен өзара іс-қимылы форматтарын жаңартуға деген сұранысын көрсетеді, - деді Төлеубек Мұқашев.

«Біз – Қазақстанның азаматтық қоғамының белсенді өкілдері, референдумды қоғамдық қолдаудың республикалық штабына топтастық. Біздің қатарымыз еліміздің ірі үкіметтік емес ұйымдары өкілдерін, ғалымдарды, блогерлер мен журналистерді, жастар мен ардагерлер қауымдастығын, этномәдени орталықтардың жетекшілерін біріктіреді. Штабымыз құрылды, себебі біз ұсынылған конституциялық өзгерістердің бағыттарын толық қолдаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның әрбір азаматы Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі туралы өз пікірін білдіруге құқылы екеніне нық сенімдіміз. Сондықтан да біз Мемлекет басшысының Конституцияға ұсынылатын түзетулерді референдум шеңберінде бүкілхалықтық дауыс беруге шығару туралы шешімін қолдаймыз»,- дейді қоғамдық штабтың жетекшісі.

Республикалық штаб мүшелері, қазақстандықтарды белсенді азаматтық ұстаным танытып, республикалық референдумда дауыс беруге қатысуға шақырды.

Аяулым Қанағат
Бөлісу: