12.03.2024
10:27
2152
Сыртқы сауда тауар айналымы 10 млрд доллардан асты

Сыртқы сауда тауар айналымы 10 млрд доллардан асты

Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсуі 4,2%-ті құрап, қаңтардағы 3,9%-ке қарағанда жеделдеген.

Салалар арасында ең жоғары өсуді құрылыс, ақпарат және байланыс, көлік және қоймалау, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі көрсетті. Өңірлер арасында ең жоғары өсу Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында байқалды. Бұл ретте Ақмола, Атырау және Маңғыстау облыстарында инвестиция көлемінің төмендеуі байқалады. Алдын ала қорытынды бойынша, ағымдағы жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 10 миллиард доллардан асты, - деді министр Нұрлан Байбазаров.

Сонымен қатар ол қаңтар-ақпанда 2 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй пайдалануға берілгенін атап өтті.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 3,4%-ке төмен. Тұрғын үйді пайдалануға берудің айтарлықтай төмендеуі Ұлытау, Маңғыстау, Атырау облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында байқалды. Ең жоғары көрсеткіш Жетісу облысында және Астана қаласында тіркелді, - деді Байбазаров.