Сыртқы істер министрлігі үштік газ одағын құру туралы ұсынысқа түсінік берді

30 Қараша 2022, 12:13 2438

Сыртқы істер вице-министрі Қазақстан ұстанымын айтты

Қазақстан өз аумағын санкцияларды айналып өтетін аймақ ретінде пайдалануға рұқсат бермейді. ҚР Сыртқы істер вице-министрі Роман Василенко Мәжіліс кулуарында осындай пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Өзбекстан-Қазақстан-Ресей арасында үштік газ одағын құру туралы ұсыныс Ресейге салынған санкцияларды айналып өтетін құрал болмай ма? Оның Қазақстанға салдары қандай болады?» деп сұрады БАҚ өкілі.

Вице-минситр бұл ұсыныс әлі идея ғана екенін ескертті.

«Қазақстанның ұстанымы әуел бастан аумағымыз санкцияларды қандай да бір жолмен айналып өту аймағына айналмаған және айналмайды да дегенге саяды. Сіз айтып отырған мәселе туралы айтсақ, оның мазмұнын талқылауға әлі ерте. Өйткені бұл әзірше әлдебір идея ғана. Бірақ Қазақстанның принципиалды ұстанымы бар. Қазақстан өз аумағын санкцияларды айналып өтетін аймақ ретінде пайдалануға рұқсат бермейді. Сонымен бірге біз санкцияны халықаралық проблемаларды шешудің тәсілі ретінде пайдалануды қолдамаймыз», - деді Роман Василенко.
EL.KZ
Бөлісу: