25.08.2023
15:07
1537
Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды

Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімдерімен Сыртқы істер министрінің орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Назира Нұртүлеуқызы Нұрбаева Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Айдарұлы Айдаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.