06.10.2022
16:19
1312
Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы El.kz Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Қайрат Ермекұлы Омаров Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.