Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды

2 Қыркүйек 2023, 14:24 1025

Мемлекет басшысының Жарлығымен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент тағайындауына орай Мәжіліс Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Светлана Жақыпованың кандидатурасына келісім берді. 

Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымына Жақыпова Светлана Қабыкенқызының кандидатурасы келісілді. 

Асқар Таудай
Бөлісу: