Сұйытылған газ бағасы тағы қымбаттайды - министр

2 Маусым 2023, 18:55 876

Биыл 1 шілдеден бастар сұйытылған газ бағасы 20 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бөлшек сауда бағаларын 1 литр үшін елу-жетпіс теңгеге мемлекеттік реттеу нәтижесінде өткен жылы сұйытылған мұнай газын ішкі тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда төрт жүз мың тоннаға немесе жиырма сегіз пайызға өсті, - деді Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс комитетінің отырысында.

Министр Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша өткен жылы газға арналған автокөліктердің ресми саны 147 мың немесе отыз пайызға өскенін атап өтті.

Бұл үрдіс осы жылы АИ-92 маркалы бензинді сату бағасы өскесін күшейе түсті. Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Министрлік шекті көтерме бағаны кезең-кезеңімен жиырма пайызға көтеру жоспарланып отыр, - деді министр.

Оның айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағасын бекітеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: