Күз - тұмау маусымы. Дәріханаға жүгіріп, лимон қосқан шай ішпес бұрын, тоңазытқышыңызға көз жүгіртіңіз. Кейбір «залалсыз» көрінетін тағамдар қарапайым тұмауды ұзаққа созылған, асқынған дертке айналдыруы мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Диетолог Лариса Никитина қандай өнімдер иммунитетті әлсірететінін, ал қайсысы, керісінше, сауығуды тездететінін түсіндірді.
Алкоголь — басты қателік
Ауырып жүргенде ең маңызды ереже - спиртті ішімдікпен «емделуге» тырыспау.
Бұрын бұрыш қосылған ішімдікті емдік мақсатта ішетіндер болған, бірақ бұл — қате, – дейді Лариса Никитина. – Алкоголь ағзаны сусыздандырады, уыттануды күшейтеді және дәрі-дәрмекпен жиі үйлеспейді.
Сондай-ақ қатты кофе, қою шай және энергетикалық сусындар да ұсынылмайды.
Газдалған сусын мен қант — қос соққы
Диетологтың айтуынша, тәтті газдалған сусындар әлсіреген иммунитетке екі есе зиян келтіреді:
Қант иммундық жауапты төмендетеді, ал газ тамақты және асқазанды тітіркендіреді. Қант тамырларды зақымдап, инсулинге төзімсіздікке әкеледі. Соның салдарынан ағзада қабыну күшейеді, артық калория жиналады.
Жартылай дайын тағам мен майлы ас – дерттің досы емес
ОРВИ кезінде майлы, қуырылған, ысталған тағамдар мен фастфудтан бас тарту қажет.
Мұндай тағамдар асқазанда ауырлық тудырады, қыжыл мен жүрек айнуын күшейтеді. Майлы тағамдардағы қаныққан май қышқылдары ағзада қабынуды күшейтеді, ал ауру кезінде бұл өте қауіпті, — дейді Никитина.
Тамақ ауырғанда не жеуге болмайды
Тамақ пен жөтел кезінде шырышты қабатты тітіркендіретін өнімдерді алып тастаған жөн.
Ащы дәмдеуіштер, маринадтар мен сірке суы тамақ пен асқазанның қабырғасын күйдіреді. Ал тым тұзды тағамдар — чипсы, кептірілген нандар, шұжық, тұзды жаңғақтар — сұйықтықтың ағзада іркілуіне және ісіктің ұлғаюына себеп болады.
Сондай-ақ цитрус шырындары, ананас пен қышқыл жемістер де жарамайды — олар тамақты ашытып, гастрит пен қыжылды күшейтеді. Мұздай сусындар мен балмұздақ та қауіпті: олар бұлшықет түйілуін (спазм) тудырады.
Қатты тағамдар — кептірілген нан, қатты печенье, чипсы немесе кейбір жаңғақтар — тамақтың қабынған жерін жарақаттауы мүмкін, — дейді маман.
Сүт өнімдері: ішуге бола ма?
Диетологтың айтуынша, ауру кезінде сүт пен сүт өнімдерін көп ішу — дұрыс емес.
Олар ағзада кілегейдің (шырыштың) артық түзілуіне себеп болады. Ал лактозаны көтере алмайтын адамдарда мұрын бітеліп, іш кебуі мүмкін — бұл да қабынуды күшейтеді, — дейді Лариса Никитина.
Сонымен қатар ол ауру кезінде ағзаның аллергиялық реакцияларға бейім болатынын ескертті.
Сондықтан аллергиясы бар адамдар тамақтануында барынша сақ болуы керек, — деп түйіндеді диетолог.