Сүйінші! Қазақтың «Беташар» салты ЮНЕСКО тізіміне енді

5 Желтоқсан, 09:30 360

Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңа ғана Парагвай астанасы Асунсьонда ЮНЕСКО-ның Материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің отырысында қазақтың ежелгі салттарының бірі Беташар Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, - деп жазды Ерлан Қарин Facebook парақшасында.

Айта кетейік, «Беташар»  — қазақ халқының маңызды әрі ерекше дәстүрлерінің бірі. Салт жаңа түскен келінді әулетке таныстыру мақсатында жасалады. Бұл салт үйлену тойының ажырамас бөлігі және ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: