20.02.2024
23:04
1926
Сүйінші! Илья Ильиннің екінші қызы дүниеге келді

Сүйінші! Илья Ильиннің екінші қызы дүниеге келді

Қазақстандық танымал ауыр атлет Илья Ильин сүйінші хабарын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол жұбайы Татьяна екеуі ата-ана атанғанын мәлімдеді.

Достар, Танюша екеумізді қызымыздың дүниеге келуімен құттықтасаңыздар болады. Қазақстан мен әлемнің кішкентай азаматының есімі – Ильина Аили Ильинична! Біз жоспарлы түрде кесарь тілігін жасаттық, қазір бәрі жақсы. Бойы: 50 см, салмағы: 3 кг 178 г, - деп жазды Ильин.

Ильяның бірінші некесінен де қызы бар.

Естеріңізге сала кетейік, танымал ауыр атлет Илья Ильин астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенкоға үйленген.