Сүйіктісімен жанжалдасып қалған: Оралда ер азамат көпірден секірмек болды

22 Тамыз 2023, 04:14 853

БҚО полицейлері көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 21:30-да Орал қаласы ПБ кезекші бөліміне белгісіз ер адамның Жайық өзені арқылы өтетін автомобиль көпірінен өз-өзіне қол жұмсамақ болып, секіргелі тұрғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Сол жерге жақын маңда болған патрульдік полиция қызметкерлері Жігер Ахонов пен Қайрат Длимов оқиға ер адамды аман алып қалған.

Патрульдік полиция қызметкерлері бір сағаттан астам уақыт бойы ер адаммен сөйлесіп, райынан қайтарып, қауіпті аймақтан шығарған. Полицейлер ер адамды тыныштандырып, Орал қаласының ПБ-ға жеткізген. Анықталғандай, Теректі ауданының 29 жастағы тұрғыны мас күйде болған. Ол өзінің мұндай іс-әрекетке бару себебін қызымен арасында болған жанжалдың кесірінен деп түсіндірген, - делінген мәліметте.

Тұрғынға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 1-бөлігі (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде болу) бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Ер адам Орал қаласының уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды. 

Перизат Саденова
Бөлісу: