Сүт безі обырына қарсы күрес: Астанада Pink Run жарысына 300-ден астам қатысты

20 Қазан, 13:00 556

Әлемде "Қызғылт қазан" деген атпен белгілі сүт безі обырына қарсы күрес айы аясында Астанада алғаш рет Pink Run жарысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Жарысқа 300-ден астам адам қатысты. Сондай-ақ акцияны қазақстандық ауыр атлет, үш түрлі салмақ дәрежесінде төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин және қазақстандық қара күш иесі, күштік нөмірлер бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Гиннес кітабының рекордшысы Сергей Цырульников қолдады.

Әуесқой спортшылар жарыс барысында 1,3 және 3,9 км қашықтықты еңсерді. Екі жарыста да мәреге бірінші болып келген адамға ақшалай сертификат табысталды.

Бүгінгі жарыстың барлығы дерлігі ұйымдастырушысы, онкологтар, маммологтар. Біздің мақсатымыз - сүт безі қатерлі ісігі туралы ақпаратты көпшілікке жеткізу және барлық әйелдерді уақтылы тексеруден өтуге шақыру. Себебі сүт безі қатерлі ісігінің ерте сатысында уақтылы диагноз қойылған кезде пациенттердің толық емделуі 95 пайызға жетеді. Мен сіздің денсаулығыңызға бей-жай қарамауды сұраймын. Көптеген жағдайларда сүт безі қатерлі ісігі 40 жастан асқан әйелдерге әсер етсе де, ол жыл сайын жасарады. Мысалы, Қазақстанда 2023 жылы ғана осы аурумен ауырған 1000-нан астам адам 40 жасқа толмаған. Бүгінгі спорттық іс-шараға қатысқандардың барлығына зор денсаулық пен табыс тілеймін, - деді жарысты ұйымдастырушы Диляра Қайдарова.

Іс-шара барысында сүт безі обырына шалдыққан Гүлім Әбушкеноваға 500 000 теңге сомасындағы сертификат салтанатты түрде табыс етілді.

Мен бұл дертке 2 жыл бұрын шалдықтым. Соңына дейін күресуге бел будым, өйткені балаларымды жалғыз өзім өсіріп жатырм. 2 жылға жуық уақыт бойы әртүрлі тексеру мен процедуралардың арқасында өмір сүріп келемін. Мен бүгін таңертең келіп, акцияны қолдаған барша қатысушыға ризамын, - деді Гүлім Әбушкенова.

Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушыларға ыстық шай ұсынылды, сонымен қатар демеушілердің сыйлықтарымен ұтыс ойнатылды. Сонымен қатар іс-шараға қатысушылар "Таза Қазақстан. Астана - тазалық пен тәртіптің үлгісі" экоакциясы аясында жарыстан кейін қоқысты тазартып тастады.

Айта кету керек, 40 жастан асқан әйелдер үшін гинеколог пен маммологтың тексеруі тегін. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: