Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Қазақстанда енді шетел азаматтары суррогат ананың қызметіне жүгіне алмайды. Бұл өзгеріс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң арқылы күшіне енді.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекске енгізілген түзетулерге сәйкес, суррогат ана қызметін пайдалану құқығы тек Қазақстан азаматтарына беріледі. Сонымен қатар суррогат анамен келісімшарт жасасатын ерлі-зайыптылар оның медициналық тексеруіне, экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКҰ) рәсіміне, жүктілігін жүргізуге, босануға және босанғаннан кейінгі 56 күндік (асқынған жағдайда – 70 күндік) күтіміне байланысты барлық шығынды өздері өтейді.
Психикалық саулық тексеріледі
Заңдағы тағы бір маңызды жаңалық – енді болашақ ата-аналар суррогат анамен шарт жасаспас бұрын өздерінің физикалық және психикалық денсаулығы туралы медициналық-генетикалық қорытынды ұсынуға міндетті. Бұл талап баланың және барлық тараптың құқықтары мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Еске сала кетейік, былтыр Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова қазақстандық суррогат аналардың қызметін шетел азаматтарына көрсетуге шектеу енгізуді ұсынған болатын. Оның пікірінше, халықаралық суррогат ана рәсімдері кезінде баланың азаматтығы, ата-аналық құқықтарды тану және құқықтық мәртебесін анықтау мәселелері жиі дауға ұласады.
Кейін премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев аталған қызметтің шетелдіктер үшін жабылатынын мәлімдеді. Жаңа заң балалардың құқықтарын қорғауға және суррогат ана институтын реттеуді күшейтуге бағытталған.
«Қытайлық азамат 42 балаға тапсырыс берген»
Экс-мәжілісмен Нұргүл Тау бұл мәселеде ескеру керек жайттар аз емес екенін айтқан.
Егер шетел азаматының біреуі қазақ болса, суррогат ана қызметі көрсетіле ме? Бұл өте маңызды сұрақ. Сондықтан заңды егжей-тегжейлі қарастыруымыз керек. Аралас некедегі азаматтардың суррогат ана қызметін алуы қауіпті, бұған жол бермеу керек, – дейді Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау.
Осы мәселені алғашқы болып көтерген Гүлдара Нұрымованың айтуынша, енді суррогат ана жобасына тек Қазақстан азаматтары қатыса алады. Заң бойынша қызмет заңды некедегі жұпқа көрсетіледі. Ал шетелдік отбасының бір азаматы қазақстандық болса да бұл қызмет көрсетілмейді. Өйткені бұл жалған некенің көбеюіне алып келеді.
Олар сәбиді әртүрлі мақсатта пайдалануы мүмкін. Былтыр Германияда: «Қазақстанда суррогат аналар арқылы көлеңкелі бизнес қалай жүргізіледі?» деген мақала жарыққа шықты. Әлем Қазақстанды суррогат аналық қызметтердің заңсыз нарығы ретінде танып жатыр. Нәрестелерді заңсыз сататындардың ісі жайлы ақпарат кең тарауда. Бұл дабыл қағатын үлкен мәселе, – дейді экс-депутат.
Нұрымованың пікірінше, суррогат ана қызметіне жүгінетін отбасының себебін медициналық тұрғыда нақты бағалауымыз қажет. Егер ұсыныс білдірген жұпта жатыр болмаса, эконы бірнеше рет жасағаннан кейін сәтсіз болса ғана суррогат ана қызметіне рұқсат беру қажет.
Бір қытайлық азамат 42 балаға тапсырыс берген. Не үшін? Мұндай фактінің бар екені рас. Себебі сәбиді трансплантация көзі ретінде ағзасын алу үшін алып кетіп жатыр. Бұл үлкен мәселе, – дейді заң бастамасының негізгі қозғаушыларының бірі Гүлдара Нұрымова.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд