Суретші, кескіндемеші Нұрбұлан Өтепбаев қайтыс болды

9 Тамыз, 15:41 316

Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, белгілі суретші, кескіндемеші, Нұрбұлан Өтепбаев қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Абай музейінің баспасөз қызметі растады.

Қазақ руханияты орны толмас қазаға душар болды. 73 жасында қазақ сурет өнерінің көрнекті тұлғасы, суретші, кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Өтепбаев Нұрбұлан Нұғыманұлы дүниеден өтуіне байланысты туған-туыстарына, жақын-жуығына қайғыра көңіл айтамыз. Нұрбұлан Нұғыманұлы саналы ғұмырында ұлағатты ұстаз болып саналы шәкірт тәрбиелеп, сурет өнерінде Абай тұлғасын жете танытуға барын салған айтулы қылқалам шебері. Оның шығармашылық зертханасынан шыққан Құнанбай, Абай мен оның айналасына қатысты суреттер сериясын толтырған портреттері, қазақ даласының көрнісі бедерленген картиналары ел руханиятымен мәңгі жасары анық, – делінген Абай музейінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: