«Суретке түскісі келген». Өзенге құлап кеткен қыз екі күннен бері іздестіріліп жатыр

30 Шілде, 16:34 911

Түркістан облысында тау өзеніне байқаусызда құлаған қыз екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне қыздың жоғалғаны туралы 28 шілдеде сағат 10:41-де келген.

Куәгерлердің айтуынша, Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны суретке түспек болғанда тепе-теңдігін жоғалтып, өзенге құлап кеткен. Күшті ағынмен ол тастардың арасында қысылып, шыға алмаған.

Тау өзеніне құлаған қызды құтқарушылар Сайрам-Су өзенінің арнасынан, жағалау сызығынан, сонымен қатар Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағынан іздеп жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 37 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 бірлік Түркістан облысы ТЖД техникасы, 6 қызметкер және 3 бірлік Түркістан облысы полиция департаменті техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: