Сұрақ тым көп – Алматыда шатырдан құлап, қаза болған оқушы қыздың әкесі

19 Қыркүйек, 10:43 5879

Белгілі эколог Евгений Мұхамеджанов биіктен секіріп мерт болған қызы туралы алғаш рет әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол болған жағдайды өзгерте алмайтынын жеткізді.

Сұрақ тым көп, ауыр қайғы. Жүрегімнің бір бөлігін жұлып кетті. Болған оқиғаның егжей-тегжейі туралы, одан қалды сұхбат беру туралы менен сұрамаңыздар. Балам қайтыс болды, болған жағдайды өзгерте алмаймыз. Қолдау білдіріп жатқандарыңызға рақмет, — деп жазды ол.

Еске салайық, Алматыда биік үйден екі қыз құлап, көз жұмған еді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: