Сұрағы жоқ сұхбат. Қуат «Найман» Хамитов

8 Қараша 2017, 14:17 15802

Ережесіз жекпе-жектің торына кіргенде жай кірмейсіңдер, бір-біріңді өлтіруге кіресіңдер

Аралас жекпе-жек спортшысы, Алматы

Аралас жекпе-жек спортшыларында боксқа көшу сәнге айналды ғой. Футболға өтсем бе екен?

Менен кейінгі, мен сияқты өз күшімен көтерілген қазақ бауырларыма еліміз жағдай жасап, көмектессе деген арманым бар.

Еркек тамақ жасамау керек деп санаймын. Бұл – әйелдің ісі.

Футболдың дамуына аса үлкен материалдық ресурс жұмсалды. Бұл ақшаға  Жерде емес, тіпті Марсқа барып, жат ғаламшарлықтармен футбол ойнайтын жағдайға жетуге болар еді.

Бұл өмірде мен бір ғана чемпион, бір ғана спортшы Флойд Мейвезерге қызығамын. Оның мінезіне, жалғыз бола тұра әлемнің үздіктерін соғып, осы бір тозақтан өткеніне қызығамын. Қандай жүрек десеңізші...

Мемлекеттік тіркеу мәселесімен келген адамды сол жерде көміп тастаймын, Құдай ақы!

Бабам Қабанбай батырдың кезінде тумағаным қандай өкінішті, біздің қыздарға үйленемін деп ойлап көрген әр адамның басын кесіп алар едім!

Халқым әлденені қаласа, менің міндетім – сол қалауды орындау.

Жағдайы нашар отбасыда тұратын балалар "спортта табысқа жетсек дейміз, бірақ мүмкіндігіміз жоқ" деп жиі жазады. Соларға кезінде менде де мүмкіндік болмады деп айтқым келеді...

Мен үшiн ең бақытты сәт – жекпе-жектен кейiнгi серуен.

Ережесіз жекпе-жекте жүрген спортшылар көп қаржы табады деп айта алмаймын. Өйткені бұл ауыр жол, егер ММА-ге тек ақша табу үшін келсең, еш нәтижеге жетпейсің. Себебі біз мұнда ақша үшін жүрген жоқпыз, біздің мақсатымыз - ел спортын жаңа деңгейге көтеру, жастарды дұрыс жолға салу, әлемге танылу.

Қазақтар жаугершілік жағдайында өмір сүрген, доптың артынан жүгірмеген!

Америкада біздің файтерлерге қызығушылық аз, коммерциялық тұрғыда біз оларға тиімсізбіз. Себебі халқымыздың саны аз.

Спортта жүргеніме 15 жыл, жекпе-жекпен айналысқаныма 6 жыл болды. Әлемнің 15 елінде 25 кездесу өткізіп, оның 20-да жеңіске жеттім. Титулдар ұттым. Осы уақыт ішінде мемлекет маған 500 теңге де берген жоқ. Рахмет те айтпады! Осыған қарамастан мен туымызды желбіретіп, Отанымның атын шығарып жүрмін. Жалғыз өзім! ... Біз ұрыс алаңында жалғыз қалған жауынгерлер сияқтымыз... Жылап, шағымданып, көмек сұрамаймыз! Қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Кей-кейде ұтылып қалсақ, бір де біреуіңнің сынайтын құқығың жоқ, себебі не мемлекет, не басқа бір адам біз жеңіске жетсін деп саусақ ұшын да қимылдатпады!

Таза теориялық тұрғыда алғанда мені Мұхаммед Әлидің «соққыға» жыққанын қалар едім.

Мен үшін басты жаттықтырушы – әкем. Ол әлі күнге менімен жұмыс істейді, ақылын айтады. Тек әкем ғана маған бейтарап баға бере алады.

Найман деген лақап атымды ауыстырамын десе, жауларыма мені өлтіру керек болады. Бірақ тіпті бұдан кейін де ештеңе өзгермейді.

Мектепте бұзақы болмадым. Тыныш бала едім, әлсіздерді қорғауға тырысатынмын. Мектепте жүргенде-ақ ұлы істер тындыруды ойлаушы едім.

Әйел әрқашан күйеуін тыңдауы керек. Теңдікке жол жоқ! Мына сұрағыңызды бабаларыма қойсаңыз, басыңызды шауып алар еді.

Бақа мен өрмекшіден қорқатын сияқтымын.

Шенеуніктермен кездеспеймін, уақытым тығыз, шетелде дайындықта жүремін. Оның үстіне біреумен кездесіп отыру онша ұнамайды. «Маған көмек керек кезде, қайда болдың?» деген сөз бар ғой. Бар қиындықтан өтіп, өз күшіммен жеңіске жетіп жатқан кезде, маған біреумен кездесу керек емес деп ойлаймын.

Ережесіз жекпе-жектің торына кіргенде жай кірмейсіңдер, бір-біріңді өлтіруге кіресіңдер.

Екеуміздің арманымыз бір жерден шықса, бұл – сенің арманың ешқашан орындалмайды деген сөз. 

Дереккөз: @kuat__khamitov, Nur.kz, istory.kz, Vesti.kz, Caravan.kz, Egemen.kz, Fight Nights, On TV

Фото: @kuat__khamitov

Дінмұхамед Зиядин
Бөлісу: