Сұлулық салондарының қызметі 17%-ға қымбаттады

12 Желтоқсан 2022, 16:30 1228

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында шаштараздар мен сұлулық салондары 24,4 млрд теңгеге қызмет көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жалпы алғанда, сұлулық қызметтерін көрсетушілердің бағасы жылдық мәнде (2021 жылдың қараша айымен салыстырғанда) 17%-ға өсті.

Қараша айында Қазақстанда әйелдердің шаш қию қызметінің орташа бағасы 2 744 теңгені құрады. Өңірлер арасында бұл қызмет астаналық ханымдар үшін қымбатқа шығады екен – 4 166 теңге, ең арзаны Семейде – 1 714 теңге. Қалған қалаларда әйелдердің шашын қию қызметінің бағасы 2 мыңнан 3 мың теңгеге дейін барады.

Елімізде ерлердің шаш қию қызметінің орташа бағасы әйелдерге қарағанда сәл арзан – 2 037 теңге. Ер азаматтардың шашын алу бағасы Алматыда ең қымбат – 2979 теңге, арзаны Қызылордада – 1355 теңге. Басқа қалалардағы баға диапазоны 1400-ден 2500 теңгеге дейін.

EL.KZ
Бөлісу: