19.05.2023
03:12
1088
Судандағы әскери қақтығыстардан 833 адам көз жұмды

Судандағы әскери қақтығыстардан 833 адам көз жұмды

Судан әскері мен жедел әрекет ету күштері (арнайы күштер) арасындағы қақтығыстар салдарынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар саны 833-ке жетті, деп жазады El.kz ақпараттық агенттігі. Сонымен қатар 3 мыңнан астам жарақат алды.

Бұл туралы бейсенбі күні жергілікті дәрігерлер мәлімдеді.

Судандағы қақтығыстардан қаза тапқандар саны 833-ке дейін өсті, 3329 адам жарақат алды, - делінген дәрігерлер мәлімдемесінде.

Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қақтығыстан 700-ге жуық адам құрбан болғанын және бейбіт тұрғындар арасында 5 мыңнан астам адам зардап шеккенін хабарлаған болатын.