10.05.2023
03:38
1543
Суданда әскери қақтығыстан 600-ден астам адам қаза тапты

Суданда әскери қақтығыстан 600-ден астам адам қаза тапты

Судан Қарулы күштері мен жедел әрекет ету күштері (ҚББ) арасындағы қақтығыстар кезінде 602 адам қаза тауып, 5127 адам жарақат алды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бұл туралы БҰҰ-ның баспасөз хатшысы Тарик Жазаревич ұйымның Женевадағы брифингінде мәлімдеді.

Суданның Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, Судандағы қақтығыс кезінде 602 адам қаза тауып, 5127 адам жараланды, - деді ол.

ДДСҰ өкілі қақтығыс басталғалы бері медициналық мекемелерге 28 рет шабуыл жасалғанын растады.