Су тасқынының зардаптарымен күресуге үлес қосқан атыраулықтар марапатталды

15 Тамыз, 10:15 550

Су тасқынының зардаптарымен күресуге үлес қосқан атыраулықтар марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Гүлнұр Сүйеуова төтенше жағдай кезінде жаға бекіту, бөгет соғу, гуманитарлық көмектерді сұрыптау және бөгет басындағыларды тамақпен қамтып, түрлі техника жеткізген белсенділерге алғыс хаттар табыс етті.

Марапатталушылардың  қатарында жеке кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері және ерікті жастар мен ауыл тұрғындары бар.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: