Су тасқынынан зардап шеккендердің несиесі 3 айға кейінге шегеріледі - Олжас Бектенов

5 Сәуір, 12:51 733

Премьер-министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмаларының жергілікті жерлерде орындалу барысымен танысты. Атап айтқанда, бірқатар су қоймаларын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барды, сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді.

Сол жерде Олжас Бектенов су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды, - делінген үкімет мәліметінде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: