18.04.2024
22:19
923
Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтарға өтемақы төленеді

Су тасқынынан зардап шеккен құлсарылықтарға өтемақы төленеді

Жылыойда тасқыннан зардап шеккендер үшін өтамақыға өтінім қабылданып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Су тасқынына бойынша материалдық шығынды өтеу бойынша өтінім қабылдау 18 сәуірде басталды.

Тұрғындар өтініш қалдыру үшін тұрғын үй иесінің жеке куәлігі, техникалық паспорт, жер учаскесіне акт, ХҚКО-дан  2 форма, жылжымайтын мүлік құқығын растайтын құжат, әр құжаттың 5 дана көшірмесін қоса тапсыру қажет, - деп жазылған аудан әкімдігінің хабарламасында. 

Сәуір айының басында Атырау облысының Жылыой ауданында болған су тасқынынан 25 мыңнан астам тұрғын Маңғыстау облысына эвакуациаланған болатын. Олардың басым бөлігі Бейнеу ауданына уақытша орналасты.