Су тасқынынан зардап шеккен облыстар азық-түлікпен қамтамасыз етілуде тұрақты бақыланады

8 Сәуір, 20:18 660

Сауда министрлігі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің өнімдермен қамтамасыз етілуін бақылайды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның ресми өкілі Әлия Әбдірахманова атап өткендей, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, барлық өңірлерде әлеуметтік азық-түлік бағасының нөлдік өсім байқалады.

Министрлік су тасқынынан зардап шеккен облыстарда азық-түлік тауарларымен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етілуін бақылайды. Көшпелі тексеру жүргізілді, азық - түлік қоры тексерілді, - деді спикер республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Алдын ала деректер бойынша өңірлерде 80 сауда нысаны зардап шекті (Павлодар облысында – 1, Қостанай облысында – 22, Ақтөбе облысында – 9, Атырау облысында – 35, Батыс Қазақстан облысында-13 нысан). Залал сомасы нақтыланады. Қалған өңірлерде жағдай тұрақты.

Министрлік ірі сауда желілерімен баға тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, - деп атап өтті сауда министрлігінің ресми өкілі.
Зарина Арман
Бөлісу: