Су тасқынынан кейін жолдарды жөндеуге 20 млрд теңге жұмсалады

29 Мамыр, 12:20 602

Көлік министрі Марат Қарабаев еліміздегі су тасқынынан кейін жолдарды қалпына келтіруге қанша қаржы жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, шығын көлемі әлі де анықталып жатыр.

Бір учаскенің өзі 33 шақырымға созылып жатыр. Республикалық жолдарды қалпына келтіруге шамамен 8,5 млрд теңге керек. Жергілікті жолдар бойынша 275 учаскі бар. Оларды жөндеуге 20 млрд теңгеден астам қаржы керек. Әр учаскіде жеке диагностикалық жұмыс жасалады, - деді министр.

Миражан Махан
Бөлісу: