Су тасқынынан кейін 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды

1 Мамыр, 11:49 625

Азаматтық қорғау күштері, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдар, еріктілер, белсенділер су тасқынына қарсы және қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздің ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында Атырау облысы жіті бақылауда екенін мәлімдеді. 

Жайық өзені су деңгейіне мониторинг жалғасуда. Бөгеттерді нығайту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өткен тәулікте Индер, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарында 37 мың қапшық, 685 тонна инертті материал төселді. Құлсары қаласында су басқан аумақтан жылжымалы сорғы станциясы мен мотопомпа көмегімен 216 мыңнан астам текше метр су сорылды, - деді спикер.

Осы сағатта республика бойынша 41 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6 405 адам эвакуациялау пункттерінде. Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 7 184 тұрғын үй мен 2 844 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды.

Бұған дейін Алматы қаласынан, Жетісу және Алматы облысынан Батыс Қазақстан облысына көмекке барған төтенше жағдайлар министрлігі күштері мен құралдарының бір бөлігі тұрақты орналасу орындарына қайтарылуда, - деді ол. 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: